Бүгін, 27 тамыз күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры, Алатау ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Жас ғалымдар кеңесінің» төрағасы, PhD-докторант Руслан Сейітқазиев мырза «Өз шыңыңды бағындыр» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке желіге кіруге мүмкіндігі бар барлық жастар қатысты.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жастарды жетістікке жетуге ынталандыру, олардың жаңа бастамаларына, жаңа жұмыстарына демеу беру. Семинар-тренинг барысында көшбасшылық қасиеттерді иемденуге ықпал ететін бағыттарға көңіл бөлінді. Жастармен бірге арман, мақсат, ерік-жігер, күш тәрізді тақырыптар қозғалды. Спикер өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға мол мағлұмат берді, адал жолмен биік шыңға жетуге шақырды.