Бүгін, 12.09.2020 күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры, Алатау ауданы Жастар ресурстық орталығының Халықаралық отбасы күніне орай өткізген қалалық “ART JANUIA” байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қала көлемінде осыдан 1 апта бұрын жарияланған болатын. Конкурсқа 20-дан астам талантты отбасылар өтінім берді, әр түрлі бағыттар бойынша 6 отбасы финалист атанды. Ал бүгін Алатау ауданында Жастар ресурстық орталығы кіші концерт ұйымдастырып, отбасыларды марапаттады.
Жеңімпаз отбасылар:
1. “Ең креативті отбасы” — Ерқанатовтар жанұясы;
2. “Ең үздік қолөнер” — Елтаевтар жанұясы;
3. “Үздік жас отбасы” — Досбол жанұясы деп танылды.
Жеңімпаз отбасылар дипломдармен марапатталды және оларға бағалы тұрмыстық техника сыйға тартылды. Ал, 3 отбасыға алғыс хаттар беріліп, ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.