«Бес қару» әскери-патриоттық ойыны

0
418

Алматыда Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының қолдауымен жыл сайынғы «Бес қару» әскери-патриоттық ойыны өтті.

 Шараға 150-ден астам адам – мегаполистің қалалық демалыс орталықтарының белсенділері қатысты.

 Демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастары граната лақтыру бойынша сайыс, лабиринтпен, окоппен жорғалау, сынық сатымен және кедергіге толы қабырғамен өрмелеу және т.б. сайыстардан жарысқа түсті. Ойынның қауіпсіз өтуін ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары қадағалады.  Судьялардың міндетін ҚР ҰҚК ШҚ командирлері атқарды.

 «Спорттық іс-шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін ояту, жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ командалардың спорттық дайындығы мен қабілеттерін көрсету мақсатында өткізілуде», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 «Бес Қару» қорытындысы бойынша жарысқа қатысқан 20 команданың ішінен жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, олар:

 І орын – «Жас Өрен» ДО командасы.

 ІІ орын – «Үркер» ДО командасы.

 ІІІ орын – «Бәйтерек» ДО командасы.

 

Ответить