Алматыда Қазақстан Республикасы күніне арналған жастардың граффити фестивалі өтті

0
553
  1. Алматы қаласы, Іле Алатауын және Қазақстанның басты символы – қыран құсты Алматының шығармашыл жастары бейнеледі.
  2. Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы күніне арналған жастардың граффити фестивалі өтті. Мегаполистің шығармашыл жастары Есентай өзенінің бойындағы жағалауды сырлады. 50-ден астам суретшілер Қазақстанның және оңтүстік астананың басты символы: Іле Алатауын және қыран құсты бейнеледі.
    Шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.
    «Шараның мәні – шығармашыл жастарды біріктіру. Бұл – өнер арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастардың шығармашылық бастамалары мен идеяларын жүзеге асыру үшін топтастыру. Бұл шара біздің қаланың қамқор жастары жүзеге асыратын бастамалардың алғашқыларының бірі», — деп түсіндірді Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры Азиз Кажденбек.
    Өз кезегінде жастар қозғалысының өкілі Асқар __ белсенділер қаланы сәл де болса көркейтіп, жағалауда серуендейтін қала тұрғындары мен қонақтарына күлкі сыйлағысы келетінін атап өтті.

Ответить