Елбасы өз Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шаралар қабылдау керектігін тапсырып, келесі 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынғаны белгілі. Елімізде қазірде бұл бағытта бірқатар іргелі істер атқарылып та жатыр. Мәселен, былтыр ашылған Алматы жастар ресурстық орталығына 30 мыңнан аса тәлімгер барып, біліктілігін арттырған.

Гүлвира Асқарқызы — Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті. Кәсіби музыкант болуды армандайтын тәлімгер тынымсыз еңбек етіп, көп ізденуді әдетке айналдырған.

Гүлвира Асқарқызы, студент:
-Біз «Алматы мюзик» театры жаз бойы осында дайындалдық. Осы театрда актриса болып жұмыс істедім. Спектакльдерге дайындаламыз. Жастар орталығы студенттердің жан-жақты болуына әсер етеді.

Алматы жастар ресурстық орталығында 29 жастар ұйымы тіркелген. Солардың жұмысына қазір 30 мыңнан аса ынталы тәлімгер қатысады.

Алма Құрманқызы, Жастар ресурстық орталығының директоры:
-Жастар ресурстық орталығы бойынша психолог, заңгерлер жұмыс істейді. 40 аула клубтары бар. Есту қабілеті төмен балаларға музыка, сурет арқылы көмек көрсетеміз.
Мысалы, «Әдебиет әлемі» ұйымының мүшелері қабырғалы қаламгерлердің шығармаларын талдап, көркем сөйлеуге үйренеді.

Құндызай Басыбек, студент:
-Көптеген іс-шараларды өткізуге көмектесіп жатырмыз. Яғни, біз жан-жақтылықты, креативтілікті дамытамыз.

Жастар орталығының табысты істері енді басқа да шалғай елді мекендер мен ірі қалаларда жалғасады. Оған Құндызай мен Гүлвира сынды тәжірибелі тәлімгерлерді қатыстырмақшы. Өйткені, олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, шыңдалған.

 

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/zholdau-2019/almaty-zhastar-resurstyq-ortalygynda-29-zhastar-uiymy-tirkelgen-120161
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kaztrk.kz

Ответить