5 ақпан 2019 жылы Панфилов саябағында сағат 19:00 де 4 қаңтар күні Астана қаласында орын алған өрт оқиғасында қаза тапқан 5 бүлдіршінге арнап «Гүл шоқтарын қою» рəсімі өткізілді. Қайғылы оқиға орын алған отбасыға қолдау көрсету мақсатында саябаққа Алматының белсенді жастары және зиялы қауым өкілдері жиналды.